Kurban ait kutti bolsn Құрбан айт - құтты мереке. Мұсылмандардың асыға күткен қасиетті мерекесі Құрбан айт биыл қыркүйек айының 24 күні басталады. Құрбан араб тілінен "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауапты істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пиілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Мұсылман адам тек қарабасын қамын ғана ойламауы тиіс. Өйіткені "Көршісі аш кезде, өзі тоқ ұйықтаған адам бізден емес". Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір - біріне жан - ашыр, қамқор болуға шақырады. Құрбан шалудың үкімі. Алла тағала Құран кәрімде "Намаз оқы және құрбан шал" деп бұйырды. (Кәусәр сүресі, 2 аят) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның сүннеті" - деген хадисі бар. Құрбан шалу кімдерге уәжіп? Төмендегі төрт шартқа ие жандарға Құрбан шалу уәжіп. 1) Мұсылман болуы. 2) Ақыл - есі бар және балағат жасында болуы. 3) Құрбан айт уақытында жалаушы болмауы. 4) Негізі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы. Нисап мөлшері - 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Ниеттің де сауабы бар. Құрбандық шалуға шамасы жоқ мұсылманмандар "Раббым, мүмкіндік нәсіп еткеніңде мен де құрбандық шалар едім"- деген ниеті болса, мирімді Раббымыз оған да құрбандық шалған жанның сауабындай сауап жазады. Құрбандық шалынатын малдар және олардың ерекшеліктері. Кез келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болуы қажет. 1) Құрбандыққа қой, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. 2) Құрбандыққа қой мен ешкі ең кемі бір жас, сиыр екі жас, түйе бес жасқа толған болуы тиіс және мал сау, етті, мүшесі түгел болса құрбандыққа жарамды. 4) Құрбандыққа мал ғибадат ретінде бауыздалуы тиіс. Мал шалғанда пенделердің ниеті негізге алынатындығы Құран кәрімде былай баяндаған "Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді", Оған жететін жалғыз нәрсе - жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет. (Хаж сүресі. 37 аят). Құрбандық шалудың жөн - жобасы және уақыты. Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан киін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанша жалғасады. Бәрә ибни Азибтің риуаяты бойынша "Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз - намаз оқу, сосын қайтып келіп құрбанымызды шалу. Кім осылай жасаса біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде - кім бұдан бұрын құрбан шалатын болса, бұл құрбанның отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Кімде - кім намаздан бұрын құрбан шалса қайта шалсын" - деп намаздан бұрын шалынған малдың есептелмейтінін ескерітті. Құрбан шаларда малды құбылаға қаратып, киін оң қолмен "Бисмилләһи, Аллаһу акбар"" деп бауыздайды. Құрбандыққа шалынған малдың үштен бір бөлігі отбасыға, қалған екі бөлігін кедей - кепшіктерге және туған - туыстарға таратылады. Құрбан айт мерекесін қалай атап өтеміз? Ең бірінші ғұсыл құйынып (денені толық жуу), киін әдемі, таза киім киіп, хош иіс су сеуіп мешітке айт намазына бару - мұстаһаб. Айт намазы аяқталғаннан киін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбан шалады. Айт күні мұсылмандар көрші - қолан, туыс - туғандарын аралап, "Айт құтты болсын", айтысады. Айт күндері миілінше көтерінкі көңіл - күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, айтта бір - бірін кешіріскені жөн. Құрметті мұсылман бауырлар: Құрбан айтта Ұлы Алла тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!